Клаус Шнайдер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шнайдер Клаус (1931 ж. т.) - неміс журналисі. 70-жылдардың аяғында Алматыға келіп, осы сапардан соң «Алматы. Қазақ көктемі» (неміс тілінде, Лейпциг, Брокхаус-ферлаг, 1978) кітабын жазды. Кітапта автор Абай өмірі мен шығармаларына тоқталып, оның қазақтар арасынан бірінші болып И. В. Гете өлеңін, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов шығармаларын тәржімелегенін айтады, орыс әдебиеті арқылы Батыс Еуропа мәдениетіне жол салғанын атап өтеді. Автор Абайдың «Сөз өнері дертпен тең» деген сөздерін келтіріп, осынау шығармашылық мақсаттың философ. маңызына ерекше мән береді. <ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала