Классикалық Өнер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Классикалық Өнер– тар мағынада – ежелгі дәуір өнері, яғни Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде өркендеген мәдениет туындылары; кең мағынада – әр түрлі елдердің мәдени гүлдену кезеңдеріндегі мұралары. Классикалық Өнер туындылары ұзақ (мыңдаған жылдар бойы) уақыт бойы өз құндылығын сақтайды, басқа мәдениеттің туындап өркен жаюына үлкен ықпал етеді. Сонымен бірге Классикалық Өнер бүкіл адамзат өркениетінің асыл мұрағаты. Кейінгі дәуірлерде пайда болған көптеген өнер мұралары, ағымдары өздерінің тамырын осы Классикалық Өнерден алады. Мысалы, Ежелгі Мысыр (б.з.б. 7 – 3-мыңжылдық) Классикалық Өнері кейінгі дәуірде (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 1 ғ.) Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим Классикалық Өнерінің пайда болуына, Ежелгі шумер өнері Оңтүстік Батыс, Орта Азия елдерінің Классикалық Өнерінің қалыптасуына игі әсерін тигізді. Қазақ халқының Классикалық Өнері өзінің тамырын көне шумер, сақ мәдениетінен алады (мыс., алтын, күміс, қоладан құйып жасалған домалақ мүсіндер, “аң бейнелі” стиль, т.б.).

Дереккөздер

<references/>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Классикалық Өнер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}