Киікоты-душица обыкновенная

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Киікоты

Киікоты-биіктігі 70см-ге дейін жететін көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Ол тік өседі, сыртын түк басқан, төрт қырлы сабақтары қызыл, бұтақтары көп. Жапырақтары қарама- қарсы орналасқан,сағақтары ұзын, жұмыртқа тәрізді сопақша, шеттері бүтін. Жоғарғы жағынан қарағанда жапырақтары қою жасыл түсті,төменгі жағы ашық жасыл түсті, екі жағындада қара кішкене нүктелері бар. Гүлдері майда, сыпырғы тәрізденіп жиылған, қызыл күлгін түсті. Мамыр айынан тамыз айына дейін гүлдейді. Оның жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезде жинап алады. Орман етектерінде,бұталардың арасында, жол жиегінде, тау етектерінде кездеседі. Құрамында илік заттар, эфир майлары, аскорбин қышқылы, пигменттер бар.

Медицинада қолдануы

Медицинада киікотын жоғарғы тыныс жолдарының қабынуына қарсы, қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданады. Оның несеп жүргізетін, өт айдайтын, тамаққа тәбетін қоздыратын және де басқа қасиеттері бар. Киікотынан жасалған тұнбаны асқазанның қышқылы кемігенде және қан тоқтататын, нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде, ішектің жұмысы нашарлағанда, асқазанның тұсы түйнеп ауырғанда, жалпы дененің қуаты кеміп, күші азаіғанда қолданады.Киікотымен бауыр ауруларын емдейді.Бас жиі ауыратын жағдайда оның тұнбасымен басты жуған да пайдалы. Дене сыртындағы әр түрлі жарақаттарды, бөрткенді де емдеуге болады. Жүкті әйелдерді емдеу үшін киікотын қолдануға болмайды, себебі бұл өсімдік ондай әйелдердің организміне қолайсыз әсер етеді. Киікотының спиртті тұнбасына мақтаны батырып алып тіске қойса, ауырғаны басылады. Халық арасында жоғарғы тыныс жолдары тыныс жолдары қабынғанда киікотын тер шығаратын дәрі ретінде кеңінен қолданады.