Киікбай Әлібекұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Киікбай Әлібекұлы (шамамен 1728, Ырғыз өңірі – 1798, сонда) – батыр. Киікбай батырдың есімі 1743 ж. мұрағат құжаттарында кездеседі. Онда Киікбайдың жасауыл шенінде болғаны айтылады. 1744 ж. Киікбай Қотыр батырмен бірге Ресей империясының саясатына өз пікірлерін білдірсе, 1749 ж. 4 қаңтарында Әбілқайырдың баласы Ерәлі сұлтанға қарсылық танытып, Ресей патшасына хат жазғандардың қатарында болған. Киікбай батыр Қанжығалы Бөгембай, Қаракерей Қабанбай батырлармен бірге Абылайды хан сайлауға қатысқан. Ә.Кекілбаевтың “Үркер”, “Елең-алаң” романдарында Киікбай батыр тұлғасы сомдалған.
Дереккөздер
<references/>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том