Кихиенко Вячеслав

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кихиенко Вячеслав1952 жылы Алматыда туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне тускен. Оқуды толық аяқтауға мүмкіндігі болмай, 1971— 1975 жылдары электрдәнекерлеуші, сахна жұмысшысы, поезда жолсерік сияқты жұмыстар атқарған. 1980 жылы М.Горький атындағы әдебиет институтын бітірген соң, "Жалын" баспасында редактор, сосын аға редактор болып істеген <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

Шығармалары мерзімді баспасөзбетінде 1968 жылдан көріне бастады. Республикалық "Жігер", 1982 жылы Львовта өткен Бүкілодақтық жастар поэзиясы фестивальдеріне қатысқан. Төл туындыларымен бірге, қазақ акындары шығармаларын орыс тіліне аударумен де шұғылданып келеді.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала