Кирстен Данст

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кинематограф Кирстен Кэролайн Данст (Үлгі:Lang-en, Үлгі:IPA; 30 сәуір 1982 жыл, Нью-Джерси) — америкалық және германиялық киноактриса, сценарийші, режиссёр, продюсер, модель және әнші.<ref>Elley, Derek (тамыз 5, 2001). "The Cat's Meow Review". Variety. Retrieved желтоқсан 9, 2008</ref>

Ол 1994 жылы «Вампирмен сұхбат» фильмінде Клодия рөлін сомдап, он екі жасында көпшілікке танымал болды, ол үшін Сатурн сыйлығын алды, сонымен қатар «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылды.

Жастық шағы және білімі

Кирстен Кэролайн Данст 1982 жылғы 30 сәуірде, Пойнт-Плезант, Нью-Джерсиде, Инез Кэролин Руппрехт және Клаус Герман Данст отбасында дүниеге келген. Інісі Кристиан Эдуард 1986 жылы туған. Әкесі медициналық компанияда қызмет етсе, анасы Lufthansa әуетасымалдаушы компаниясында стюардесса жұмыс істеді,<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> кейін суретші, жеке галереясының иесі болды.<ref name="people">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Клаус Герман Данст — гамбургтық неміс (Данст — немістің Дунст тегінің ағылшыншаға бейімделген нұсқасы), Инез Кэролин Руппрехт Нью-Джерсиден, швед және немістердің ұрпағы.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> 2011 жылы Германия азаматтығын алды,<ref name="wilkommen" /> неміс тілін меңгерген.

11 жасына дейін Кирстен Данст Брик Тауншипта тұрып, ол жердегі Рәнней Мектебінің оқушысы болды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> 1993 жылы ата-аналары айырылысты, Данст пен інісі анасымен бірге Лос-Анджелеске көшті. Данст Солтүстік Голливудтағы «Лорел-Холл» мектебінде, кейін Лос-Анджелестегі «Нотр-Дам» католиктік жеке меншік мектебінде оқитын болды. 1995 жылы Инез ажырасуға ұсыныс жасады.<ref name="people" />

2000 жылы мектеп бітіргеннен кейін Данст өзінің актрисалық мансабын әрі қарай жалғастыра берді.

Мансабы

Өз актрисалық мансабын Кирстен Данст 3 жасында, жарнамадағы модель ретінде бастады, оның «Ford Models» және «Elite Model Management» сияқты компаниялармен келісім-шарттары болды.<ref name="people" />

Данст 6 жаста болғанда кинодағы дебюті жарыққа шықты: Вуди Алленнің қысқа фильмінде ол кішігірім рөл сомдады. 1990 жылы ол Менменшілдіктің алауы (The Bonfire of the Vanities) фильмінде Том Хэнкс қызының рөлін сомдады.<ref name="people" /> 1993 жылы Данст Жұлдызды жол: Келесі буын (Star Trek: The Next Generation) сериалында Хедрил рөлін сомдады.

Дансттың тұңғыш жетістігін көбіне «Вампирмен сұхбат» (1994) фильміндегі Лестат (Том Круз) пен Луи (Брэд Питт) кейіпкерлерінің асыранды қызы, бала вампир Клодияның рөлі деп санайды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Дансттың тұңғыш экрандық сүйісі осы фильмде болды: ол өзінен 18 жасқа үлкен Брэд Питтпен бірге болған.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Interviewге берген сұхбатында Данст түсірілім кезінде 10 жаста болғанын және сүйісті түсіру ол үшін ыңғайсыз болғанын айтқан.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Рөлі үшін MTV Movie & TV Awards, «Сатурн» (үздік жас актер/актриса) премияларына және Алтын глобус премиясына және «Кинофильмдегі бастыдан өзге үздік әйел рөлі» номинацияларына ие болды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

Сол жылы, оған қоса, Данст Вайнона Райдер мен Клэр Дэйнспен бірге «Кішкентай әйелдер» (1994) фильмінде рөл сомдады.<ref name="people" /> «The New York Times» сыншысы Джанет Маслин фильмді романның үздік экранизациясы деп атады да, Кирстен Дансттың екі фильмдегі актрисалығын мақтады.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

1995 жылы ол «Джуманджи» фильмінде болды. Данстпен қатар фильмде Робин Уильямс және Бонни Хант сияқты актерлер түрлі рөл сомдады. Фильм дүние жүзінде 262 миллион доллар жинады.<ref name="boxoffice">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> 2002 жылы Данст Peopleдың «50 ең әдемі адам» тізіміне енді.<ref name="people" />

Сол жылы Данст Сэм Рэйминің Өрмекші-адам суперқаһармандық фильмінде Питер Паркердің жары Мэри Джейн Уотсон рөлін сомдады. Бұл оның мансабындағы ең сәтті рөлі болды, Los Angeles Times сыншысы Кеннет Тарен «Данст пен Магуайр экранда нағыз махаббатты өте жақсы көрсете алды» деп екі актердің жұмысын мақтады.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Фильм нәтижесінде дүние жүзі бойынша 825 миллион доллар жинады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2004 жылы Данст Өрмекші-адам 2 фильмінде Мэри Джейн рөліне «оралды». Бұл фильм де өте сәтті болып шықты, нәтижесінде 114 миллион доллар жинады.<ref name="boxoffice" />

Данст, оған қоса, француз патшайымы Мария-Антуанетта жайлы аттас биографиялық фильмде (2006) басты рөл сомдады. Фильмнің тұсаукесері 59-Канн кинофестивалінде орын алды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Фильмнің халықаралық түсімі жалпы 60 миллион долларға жетті.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Кирстен Данст 2007 жылы Мэри Джейн Уотсон рөліне «Өрмекші-адам 3» фильмі үшін тағы бір рет оралды. Көпшілік мақтаған алдынғы екі фильмнен айырмашылығы — трилогияның бұл бөлігі жайлы сыншылардың пікірлері әртүрлі болды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Фильм, оған қарамастан 891 миллион доллар жинап, трилогияның және 2008 жылға Кирстен Дансттың фильмографиясының ең табысты фильмі болды.<ref name="boxoffice" /> Бастапқыда жасалған келісімшарт бойынша Данст Өрмекші-адамның тек үш фильміне түсуге келісім берген, алайда ол түсірілімге Магуайр мен Рэйми қатысса төртінші фильмге де дайын екенін айтқан.<ref name="mtvnews">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> 2012 жылы кейіпкердің экранизациясы ребут алатыны және оның түсіріліміне Магуайр да, Рэйми де, Данст та қатыспайтыны белгілі болды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

2010 жылы Данст қысқа метражды фильмдерде рөл сомдайтын болды: ол 2012 жылы Трайбека кинофестивалінде жарияланған «Бишара» фильмінде болды, фильм кейін 63-Канн кинофестивалінде көрсетілді.

2011 жылы ол Меланхолия фантастикалық фильмінде ақыр заманды күтіп жатқан әйел басты рөлін сомдады, онымен қатар Шарлотта Генсбур, Кифер Сазерленд сияқты актерлер болған, фильм тұсаукесері Канн кинофестивалінде өтті. Сыншылар оны жоғары бағалады, Дансттың актрисалығын мақтады. «Southampton Patchтік» Стивен Леб «Данст басқа фильмдерде аса тырыспайды, бірақ осы фильмде өз рөлін тамаша сомдады..» деген пікір қалдырды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Өз еңбегі үшін Данст бірнеше марапатқа ие болды, соның ішінде Каннда<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> және АҚШ Ұлттық киносыншылар қоғамында<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> «Үздік актриса» марапаттары.

2015 жылы Данст Фарго телехикаясының екінші маусымында түсті, 2016 жылы сол рөлі үшін «Эмми», «Алтын глобус» және «Мини-хикаядағы немесе телефильмдегі үздік әйел рөлі» марапаттарына номинация алды. Сол жылғы мамырда ол 69-Канн кинофестивалінде төрешілердің бірі болды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

2021 жылы Кирстен Данст Джейн Кэмпионның «Төбеттің күші» драма-вестернінде басты әйел рөлін сомдады. Данст бұл фильмде Джесси Племонс пен Бенедикт Камбербэтч сияқты белгілі актерлер қатарында түсті. Сыншылар фильмді аса жоғары бағалады: «IndieWire»,<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> «The Guardian»,<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> «Time»<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> баспалары оны жылдың үздік фильмді деп те атады және Данст IndieWireдың кино- және телешығармалардағы 27 үздік рөлдер тізімінде болды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Фильмдегі рөлі үшін, оған қоса, Данст өзінің тұңғыш Оскар сыйлығына номинациясын алды.

Музыка

2001 жылы Данст өзінің музыкалық дебютын «Махаббат вирусы» фильміне арналып жасалған екі ән айтып жасады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Ол сондай-ақ «Голливудтағы өлім» фильмін түсіру үшін ән жазды, ол Генри Кремер мен Тернер Лейтонның «Сен кеткенде» джаз композициясын орындады. Өрмекші-адам 3-те ол өзінің кейіпкері Мэри Джейн Уотсон ретінде екі ән айтқан: бірі Бродвей мюзиклінде, екіншісі джаз клубында даяшы ретінде.<ref name="mtvnews" />

Данст сонымен қатар «Akihabara Majokko Princess» қысқа метражды фильмінде сиқыршы Маджокконың әнін айтқан. Фильм британиялық Тейт Модерн музейінде көрсетілді.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

Өзге қызметі

Саясат

2004 жылғы АҚШ президент сайлауында Демократиялық партияның үміткері Джон Керриді<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> және 2004 жылғы АҚШ президент сайлауында демократ Барак Обаманы<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> қолдады. Сайлау жайлы ол кейін «Неге Сейсенбіде?» деген деректі фильм түсірді, ол жерде АҚШ сайлауларының неліктен сейсенбі күнінде өтетінін түсіндірді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Қайырымдылық

Кирстен Данст Балалардағы АИВ/ЖИТС қарсы Элизабет Глейзер фондын қатты қолдайтын.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Ол оған қоса сүт безінің обырына қарсы активизммен айналысты, 2008 жылы өткен Лора Зискиннің «Обырға қарсы тұр» телемарафонына қатысты.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

Жеке өмірі

Данст Юта штатындағы «Cirque Lodge» орталығында депрессиядан емделді.<ref name="rehab">Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Кейін ол клиникаға жатардан бұрынғы алты ай бойы ол өзінің өте жабырқаған сезінгенін айтты.<ref name="rehab" /> Мамыр айының соңында ол өсектерді жоққа шығарып, алкоголь, есірткі тәуелділігінен емес, тек депрессиядан ғана емделгенін айтқан, емделу барысын ашық түсіндірді.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

Кирстен Данст — 2011 жылдан бері АҚШ пен Германияның азаматы.<ref name="wilkommen" /><ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>

2002–2004 жылдары Данст актер Джейк Джилленхолмен бірге болды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> 2007 жылы ол Razorlight музыкалық группасының мүшесі Джонни Борреллмен<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> және 2012–2016 жылдары актер Гаррет Хедлундпен<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> бірге болды.

2016 жылы Данст Фарго телехикаясында бірге түскен актер Джесси Племонспен романы болды,<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> 2017 жылғы қаңтарда жұптың неке қиғаны белгілі болды.<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> Олардың екі ұлы — Эннис Һауырд Племонс (3 мамыр 2018 жылы туған)<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref> және Джеймс Роберт Племонс (мамыр 2021 жылы туған)<ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref><ref>Үлгі:Cite web Үлгі:Wayback</ref>.

Фильмографиясы

Үлгі:Толықтыру

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер