Кирсанов қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Кирсанов зоологиялық қорығы.jpg
Кирсанов зоологиялық қорығы

Кирсанов қорықшасы – Қазақстандағы республикалық мәні бар үш кешенді қорықшаның бірі.


Қорықша 1967 ж. Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Теректі және Ақжайық аудандары аумағында ұйымдастырылды. Ол алғашында Жайық өзені ғана кездесетін құндызды қорғау және санын көбейтіп Қазақстанның басқа аймақтарына қайта жерсіндіру мақсатымен 10 жыл мерзімге ғана ұйымдастырылған. Кейін оның жұмысы тағы да 10 жыл мерзімге ұзартылды. 1986 ж. Қазақстан Министрлігінің Кеңесінің қаулысы бойынша республикалық мәні бар кешенді қорықша болып қайта бекітілді. Бұл – Қазақстандағы терісі бағалы құндызды қорғауға арналған бірден-бір қорықша. Киров қорықшасы Жайық өзені аңғарын және оның айналасындағы шалғынды, далалы жерлерді алып жатыр.

Жер көлемі 61 мың га, өзен аңғарында ені 10 км, ұзындығы 50 км-дей алқапты қамтиды. Онда арал мен түбектер көп. Орманды жерлерінде қаратерек, көктерек, емен, қайың, тал өседі. Қорықта құндыз, бұлан, қабан, елік, бұғы, орман сусары, борсық, орқоян, ақтышқан, құр, сұрқаз, үйрек, балшықшы, т.б. қорғалады. Көлдер мен өзендерде сазан, көксерке, шортан, тыран кездеседі. Жайық өзенінде шоқыр, қортпа таралған. Мұнда табиғат қорғау шараларымен бірге биотехникалық жұмыстар да жүргізіледі. Жыл сайын құндыздар санының есебі алынып отырады, тұяқты аңдарға арнайы тұз себілетін алаңқайлар даярланып, құстарға арнайы ұялар жасалып ілінеді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Бастама