Киргхоф ережелері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Киргхоф ережелері – тұрақты немесе квазистационар токтың тармақталған тізбегіндегі ток пен кернеуге арналған қатыстарды анықтайтын ережелер. Бұл ережелерді неміс физигі Г.Р. Кирхгоф (1824 – 1887) тұжырымдаған (1847). Бірінші ереже (а, сурет) зарядтың сақталу заңынан шығады және ол былай тұжырымдалады: түйінде тоғысқан токтардың (ҚK) алгебралық қосындысы нөлге тең, яғни мұндағы l – түйінде тоғысқан өткізгіштердің саны. Тармақталған тізбектің кем дегенде үш өткізгіш тоғысатын кез келген нүктесі түйін деп аталады. Түйінге келетін токтың бағыты оң деп, ал одан шығатын токтың бағыты теріс деп саналады. Екінші ереже (ә, сурет): өткізгіштердің тармақталған тізбегінің кез келген тұйық контурындағы кернеудің кемулерінің (ҚKRK) алгебралық қосындысы осы контурдағы электр қозғаушы күштердің (K) алгебралық қосындысына тең: , мұндағы m – контур ішіндегі жеке бөліктердің саны. Токтың және электр қозғаушы күштің бағыты шартты түрде алынады. Кирхгоф ережелерінің көмегімен күрделі электр тізбегі есептеледі.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Киргхоф ережелері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}