Кинопроекция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кинопроекция – кинофильм кадрларындағы кескінді жарық сәулесі арқылы экранға үлкейтіп түсіру әрі белгілі бір жылдамдықпен ауыстыру арқылы қозғалыс әсерін туғызу. <ref>Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5</ref>.

Кинокөрсеткі кезінде кескінмен қатар фонограммаға жазылған дыбыс та жаңғырады. Фильмдегі кескіннің қозғалыс әсерін тудыруы стробоскоп эффектісіне негізделген.

Стробоскоп эффектісі – көздің әртүрлі фазаны белгілейтін жеке кескіндердің 1 сек. ішінде 5 рет алмасуын оның қозғалысы ретінде қабылдайтын қасиеті.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}