Кинообъектив

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кинообъектив – кинопленкаға түсірілетін нысан мен кадрдың экрандағы үлкейтілген кескінін алу үшін қолданылатын кинотүсіргі және кино көрсеткіш аппаратындағы оптикалық жүйе. <ref>Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5</ref>.

Киноға түсіретін объективтер негізінен анастигматтар тобына жатады. Олар үнемі 6-7 линзадан құралған күрделі, ал фокус қашықтықтары 25 мм-ден 100 мм-ге дейін, салыстырмалы саңылауы 1:2-1:2,3 болып келеді. Алыстағы нысандарды үлкен масштабта түсіру үшін фокус қашықтықтары 150 мм-ден 1200 мм-ге дейін жететін салыстырмалы саңылауы 1:3,5-1:5,6 болатын ұзын фокусты объективтер мен телеобъективтер қолданылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}