Кинокөрсеткі аппарат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кинокөрсеткі аппарат – кинофильмді экранға үлкейтіп түсіруге арналған аппарат. <ref>Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5</ref>.

Таспа жылжытқыш механизм мен тарқату және орау кассеталары, экранға жарық пен кескін түсіретін жүйе, дыбыс шығаратын, электр қуатымен қамтамасыз ететін және басқару құрылғылары оның негізгі бөлшектері болып табылады.

Кинокөрсеткі аппаратының негізгі ерекшелігі ретінде оның экранға жарық түсіретін сәуле ағынын тудыратын қасиетін атауға болады. Кинокадр кадр саңылауына аялдаған кезде кескін экранаға түседі де, қозғалғанда жарық арнаулы жапқы – обтюратормен қалқаланып отырады.

Қолданылу ыңғайлылығына қарай ол орнықты және көшпелі болып екіге бөлінеді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}