Кинодраматургия
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кинодраматургия, кино драматургиясы – әдеби шығармашылықтың бір саласы.
Сценарий – фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылады. Кинодраматургия кино өнерінің ұтымды тәсілдерін қамти отырып, әдеби бейнелеудің тәсілдерін де қолданады. Кинодраматургияның әдеби және кинематографиялық тегіне қарай сценарий екі түрге бөлінеді. Бірі – фильмнің арқауын құрайтын, әрі жеке дара көркемдігі бар әдеби шығарма, екіншісі – болашақ фильмнің құрылымын, желісін тартып, мазмұнын, ойын баяндап беретін әдеби материал. Кинодраматургия киноның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әдеби шығармаларды да экранға шығарды. 20 ғ-дың 10-жылдарында “мылқау” кинода әдеби шығармалардың сюжеті, кейіпкерлері, желісі көп жағдайда түпнұсқадан жасалса, 20-жылдары проза мен драммалық шығармалардың тәсілдері араласа бастады. Киноға дыбыстың енуі түбегейлі бетбұрыс жасап, Кинодраматургияның қалыптасуына жол ашты. Қазақстанда Кинодраматургияның алғашқы үлгілері 20 ғ-дың басында дүниеге келді (“Бүліншілік”, 1928; “Жұт”, 1931; “Түрксіб”, 1931, т.б.). Ұлттық көркемсуретті кино өнерінің алғашқысы – “Амангелді” фильмі.Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлері М.Әуезов (“Райхан”, “Абай әні”), Ғ.Мүсірепов (“Амангелді”, “Махаббат дастаны”, “Жауынгер ұлы”, “Қыз Жібек”), Ә.Тәжібаев (“Жамбыл”, “Шұғылада болған еді”), Ш.Хұсайынов (В.Абызовпен бірге, “Өжет қыз”, “Асау Ертіс жағасында”, “Біз осында тұрамыз”) қазақ Кинодраматургиясының негізін қалаушылар болды. 20 ғ-дың 60-жылдары қазақ Кинодраматургиясы үлкен табысқа жетеді. Кинодраматургияға жазушылар О.Сүлейменов (“Атамекен”), Ә.Тарази (қ. Әшімов Ә.) (“Тұлпардың ізі”, “Қараш-қараш оқиғасы”), Д.Тәшенов (А.Сацкиймен бірге, “Ата туралы аңыз”), Қ.Мұхамеджанов (“Айсұлу”), Л.Варшавский (“Алдар-Көсе”), Қ.Ысқақов (“Ұшы қиырсыз жол”), т.б. келді. 20 ғ-дың 70-жылдары Қазақ Кинодраматургиясында Ресей киносценарийстері үлкен рөл атқарды. Сол жылдары Мүсіреповтің “Қыз Жібегімен” қатар А.Михалков-Кончаловскийдің (Э.Тропининмен бірге “Атаманның ақыры”, “Көксерек”, В.Тюринмен бірге “Қан мен тер”), Р.Хуснитдинованың (“Алпамыс мектепке барады”), А.Адабашьян мен Н.Михалковтың (А.Михалков-Кончаловскиймен бірге “Транссібір экспрессі”) сценарийлері бойынша фильмдер түсірілді. 20 ғ-дың 80-жылдарындағы қазақ Кинодраматургиясы авторлық-режиссерлік стильге бой ұрды. Прозашы С.Нарымбетов, кәсіби кинодраматург, авторлық кинода кинорежиссер ретінде үлкен табыстарға жетті. Оның “Көзімнің қарасы” фильмі (1994) Еуропа, Азия елдерінің көптеген халықар. кинематографиялық сыйлықтарына ие болды.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер:
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кинодраматургия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}