Киммериялықтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Киммериялықтар(грек. Kіmmerіoі) – ежелгі дәуірдегі тайпа атауы. Б.з.б. 8 – 7 ғ-ларда Қара т-дің солт.-батыс жағалауын қоныстанған. Б.з.б. 6 ғ-да ежелгі гректер Керч бұғазын Киммери Боспоры деп атаған. Кейбір зерттеушілер Киммериялықтарды Орт. Азиядан Қара т. жағалауына ертерек қоныс аударған сақ тайпаларының бірі деп есептейді. Ассирия тіліндегі “К.” атауы кемерліктер (яғни жағалау тұрғындары) сөзінен шыққан деген пікірлер де бар. Кейін сақтардың Орт. Азиядан батысқа жылжыған тағы бір тобы (ишкауз) сақтар К-ды ата қонысынан ығыстырған (қ. Ишпақай). Б.з.б. 7 ғ-дың 70-жылдары Киммериялықтар Кіші Азиядағы Фригион өңірін, 50-жылдары Лидияны жаулап алып, бертін келе жергілікті халықпен араласып кеткен. Бұл дәуірден қалған тарихи-археологиялық мәліметтер қазіргі Түркия жерінен табылған. Қара теңіз жағалауы мен Балқан елдеріндегі археол. қазбалар Киммериялықтардың тұрмыс-тіршілігін қола дәуірінен темір дәуіріне өту кезеңіндегі мәдениетпен байланыстырады. <ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref> <ref name="source2">Дьяконов И.М., История Мидии, Л., 1956.</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Киммериялықтар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}