Киеңкі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Киеңкіжылқы, есек, қашырда болатын жұқпалы ауру. Киеңкінің қоздырғышы Trypanosoma eguіperdum деген қарапайым жәндік. Бұл аурумен бие ауырса Киеңкі ал айғыр ауырса қарақаптал деп атайды. Ауру сау малға шыбын, сона, маса, т.б. және малдың шағылысу кезінде, кейде ластанған әбзал, хирургиялық, акушерлік аспаптардан жұғады. Киеңкі мен ауырған биенің шабы, желіні алапестенеді, сарпайы ісіп, бөртеді, көбі құлын тастайды. Ауырған биеде күйлеген малдың белгісі жиі байқалады. Киеңкі ауруын анықтау үшін қынаптың қырындысын микроскоппен қарап, ауру қоздырғышын анықтайды. Киеңкі ауруына қарсы биенің қанына әр килограмм салмағына 0,01 – 0,015 г есебінен наганиннің 10%-тік физиол. ерітіндісі жіберіледі, немесе 1-күні 0,01 г наганин, 4-күні 0,005 г новарсенал, 7-күні 0,005 г новарсенал, 10-күні 0,01 – 0,015 г наганин егеді. Жылқыда ауру байқалғанда тұқымдық айғырлардан басқасын піштіреді. Тайдан бастап барлық саяқты бөлек бағады. Биені сау айғырдың ұрығымен қолдан ұрықтандырады.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Киеңкі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}