Кивцэттік балқыту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

КИВЦЭТтік балқыту [орысша ки(слородно-) в(звешенная) ц(иклонная) э(лектро) т(ермическая) сөздерінен қысқартылған] – металдарды бір агрегатта алу процесі. Бұл процесте өте ұсақ материалдар тех. оттекпен тотығады, балқиды әрі штейн мен шлакқа бөлінеді. Әр түрлі мыс-мырышты шикізаттарға оттекті үрлеу қалқымалы күйде құйындатқыш (циклонды) электртермиялық пеште жүргізіледі. Оның негізіне металлургиялық сульфидтік шикізатты өңдеудің құйындата балқыту принципі алынған. Қазақстанда КИВЦЭТтік балқыту технологиясының негізін 1950 ж. И.А. Онаев, А.Б. Резняков, А.В. Тонконогий салды. К. б. кезінде мысқа бай штейндер, күкіртті ангидридті газдар және құрамында мырышы мол шлак алынады. Мұндағы мырыш КИВЦЭТтік балқытудың электртермиялық бөлігінде қалпына келтіру жолымен өндіріледі. КИВЦЭТтік балқытудың артықшылықтары: құрамы күрделі полиметалл концентраттарын бір металлургиялық агрегатта қайта өңдеуге мүмкіндік береді, технол. қалдық аз болады, балқыту автогендік режимде жүргізіледі, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді. КИВЦЭТтік балқыту технологиясы 1970 ж. Бүкілодақтық түсті металдар ғыл.-зерт. ин-ты (Өскемен қ.) мен Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында жетілдіріліп, Ертіс полиметалл комб-тында тәулігіне 300 т шикіқұрам балқытатын КИВЦЭТ пеші өндіріске енгізілді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кивцэттік балқыту|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}