Кеңқайраң

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенқайраң - құрамында пайдалы құрамдас бөліктері бар ұсақталған тау жыныстарының жер бетіндегі жиынтығы. Кенқайраңды үгілу, көшу процестері кезінде тұрақты минералдар ғана түзе алады (алмас, алтын, платина, касситерит, т.б.) Кенқайраңдар түзілу жағдайына қарай элювийлі, жылжымалы, солифлюкциялық, коллювийлі, делювийлі, пролювийлі, аллювийлі, т.б. болып бөлінеді. Сондай – ақ мұз басу мен аридтік климатты аймақтарда мұздықты, эолдық Кенқайраңдар түзіледі. Түзілу уақытына қарай Кенқайраңдар : көне заманғы (мезозой, палеозой және прекембрий), антропогендік және қазіргі заманғы болып бөлінеді; орналасу жағдайына қарай : жер үстіндегі және көмілген (морена, эффузивті, жылжымалардың астында қалған); құрамына қарай : бір немесе көп минералды; пішініне қарай : қабатты, линза, таспа, ұя пішіндес болады. Олардың ұзындығы бірнеше жүз метрден бірнеше км – ге дейін, ені бірнеше метрден жүздеген метрге дейін, қалыңдығы бірнеше см – ден ондаған метрге дейін болуы мүмкін. Қазақстанда алтынның Кенқайраңды кен орындары Оңтүстік Алтайдың Күршім, Қалжыр, Қалғұтты өзендері алабында, алмастың Кенқайраңды орындары Солтүстік Қазақстан облыстарында (Қаратал, Қарағаш) бар.

== Дереккөздер ==

Үлгі:ДереккөздерҚазақстан табиғаты. Энциклопедия. /Бас ред.Б.Ө.Жақып. 2 том. «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, Алматы, 2009 ж.