Кеңсе тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кеңсе тілііс қағаздарына арналған жеке сөздер мен сөз тіркестерінен құралатын ресми стиль түрі.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Кеңсе тілінде жазылатын құжаттар: анықтама, сенім хат, өтініш, келісімшарт, мінездеме, т.б. Олардың басталуы біртектес болып келеді. Айтылатын өтініші, анықтаманың берілу себебі, уақыты көрсетіледі. Әр түрлі шақырту құжаттары мен хабарландырудың соңғы жағына ұйымдастырушылардың толық мекен-жайы, мекеме аты жазылады (ұйымдастыру к-ті, кәсіподақ к-ті, ректорат, т.б.). Кеңсе тілінде жазылатын құжаттардың өзіндік қалыптасқан стилі, ерекшелігі бар, сондықтан оған көркем әдебиет стилі сияқты бейнелі сөздерді қолдануға болмайды. Түрлі құжаттар мен іс қағаздарын жазу кезінде, көбінесе, ойдың логикалық дәлелділігі, айқындылығы мен ықшамдығы ескеріледі. Тиісті мекеменің, ұйымның мамандығына байланысты кейде кәсіби сөздердің енгізілуі мүмкін. Кеңсе тілінде жазылатын іс қағаздарының түрлі үлгілері бар. Олардың дұрыс жазылуы жүйелілігі мен қызметке тиімділігі тұрғысынан бағаланады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Уики