Кеңес Хамитұлы Рақышев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Кәсіпкер

Кеңес Хамитұлы Рақышев (14 шілде 1979, Алматы) — қазақстандық кәсіпкер, Қазкоммерцбанк (2016—2016) пен БТА Банкі (2014—) директорлар кеңесінің төрағасы.

Еңбек жолы

  • 1998—1999 — Қазақстан ішкі істер министрлігі жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі қорының кеңесшісі;
  • 2000—2000 — Тұран-Әлем Банкі (қазіргі БТА Банкі) оқу орталығының маманы;
  • 2000—2000 — ҚазТрансГаз (қазіргі QazaqGaz) менеджері;
  • 2000—2002 — “Intergas Central Asia” материалдық-техникалық жабдықтау департаменті маркетинг бөлімінің маманы, бастығы;
  • 2002—2002 — ҚазТрансГаз ЖЭС басқармасының бастығы;
  • 2003—2003 — “Қазмұнайгаз Сауда үйі” ЖШС бас директорының экспорт жөніндегі бірінші орынбасары;
  • 2003—2004 — ҚазТрансГаз бас директорының маркетинг жөніндегі орынбасары;
  • 2004—2004 — Қазақстан ұлттық ойын түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті;
  • 2004—2005 — “Меркурий” ЖШС Бас директоры;
  • 2005—2005 — Қазақстан СӨП одағының вице-президенті;
  • 2005—2008 — “SAT & Company” ЖШС (қазіргі Fincraft Resources) директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 2006—2007 — “SAT & Company” (қазіргі Fincraft Resources) директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 2007—2007 — “SAT & Company” АҚ (қазіргі Fincraft Resources) басқарма төрағасы
  • 2007—2009 — “Kazakhstan Petrochemikal Industries Inc” АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
  • 2009—2011 — Алматы қаласы бокс федерациясының вице-президенті;
  • 2011—2011 — Азия бокс конфедерациясының вице-президенті;
  • 2012—2012 — Net Element International жаһандық технологиялық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 2014—2015 — «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.