Кеңес Мұстаханұлы Аухадиев
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Кеңес Мұстаханұлы Аухадиев (27 желтоқсан 1938, Ақын Қалқа ауылы, Мұқыры ауылдық округі, Көксу ауданы, Жетісу облысы — 23 қаңтар 2022, Алматы) — кеңестік және қазақстандық мемлекет және партия қайраткері. Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1978–1985). КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар кеңесінің депутаты (1979–1984).
Өмірбаяны
Ысты руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref> 1938 жылғы 27 желтоқсан күні қазіргі Жетісу облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылдық округі, Ақын Қалқа ауылында дүниеге келген. Әкесі Ұлы Отан соғысында қайтыс болған соң, анасы Кеңесті жалғыз тәрбиелеген.
1957 жылы Сарыөзек орта мектебін бітірген соң, Талдықорған ауыл шаруашылығы техникумында, Қазақ ауыл шаруашылығы институтында оқыған.
1960 жылы Панфилов ауданында Ленин колхозында трактор-егіс бригадасының жетекшісі ретінде еңбек жолын бастады.
1962 жылы Панфилов ауданы комсомол комитетінің 1-хатшылығына сайланды.
1966 – 1975 жылдар аралығында Қазақстан Лениндік Коммунистистік жастар одағының (комсомол) аппаратында, Алматы облысының комсомол комитетінде және т.б. Республикалық жастар ұйымдарында лауазымды қызметтер атқарды.
1971 – 1975 жылдар аралығында Алматы қаласы Совет аудандық (қазіргі Алмалы ауданы) партия комитетінің бірінші хатшысы болды.
1975 – 1978 жылдар аралығында Алматы қалалық атқару комитетінде төрағалық етті.
1978 жылғы 28 сәуірден бастап Алматы облыстық партия комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарды. Қазақстан коммунистік партиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың адал жолдасы болған. 1985 жылдан бастап Кеңес Одағының коммунистік партиясының жаңадан келген бас хатшысы Михаил Горбачев Қонаевқа қарсы іс-әрекеттер бастағанда, Кеңес Аухадиев Қонаевқа қарсы сөз сөйлеуден бас тартып, оны қызметінен босатқан.
Қызметінен босатылған соң, 47 жасар Кеңес Аухадиев партия басшылығынан біржолата ысырылып, өз мамандығы бойынша жұмыс істей бастады.
1985 жылдан бастап Республикалық "Главриссовхозстрой" жүйесінде жұмыс істеді. <ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Кейіннен Д.Қонаев қорының вице-Президенті болған.
2022 жылғы 23 қаңтар күні қайтыс болды. Кеңсай зиратында, Д.Қонаев бейітінің жанында жерленген.
Марапаттары
- Қазан төңкерісі ордені;
- Үш мәрте "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.
- Парасат ордені (2013)
- "Астанаға 20 жыл" медалі (2018)
Құрметті азамат
- Алматы облысының құрметті азаматы
- Алматы қаласының құрметті азаматы
- Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы
- Панфилов ауданының құрметті азаматы
- Көксу ауданының құрметті азаматы
- Балқаш ауданының құрметті азаматы
Дереккөздер
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері
- Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшылары
- КОКП ОК мүшелері
- КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары
- КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР-інен КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінің депутаттары
- Алматы қалалық атқару комитетінің төрағалары
- БЛКЖО ОК мүшелері
- Қазақстан КП ОК мүшелері
- БЛКЖО съездерінің делегаттары
- Қазақстан ЛКЖО ОК мүшелері
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шақырылымының депутаттары
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары