Кеңес Жүзбайұлы Беляев
Кеңес Жүзбайұлы Беляев (5.11.1937 жылы туған, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кенті – 28.8.2004, Алматы қаласы) – тарих ғылым докторы (1990), профессор Шымкент педагогика ин-тын (1961), Алматы қ-ндағы жоғары партия мектебін (1969), ҚазПИ-дің (1975, қазіргі ҚазҰПУ) аспирантурасын бітірген. 1961–1972 ж. Сарыағаш ауданы комсомол к-тінің хатшысы, партия к-тінің үгіт-насихат бөлімінде нұсқаушы, кеңшар партия к-тінің хатшысы қызметтерін атқарған. 1976–1980 ж. Жезқазған облысы білім қоғамы төрағасының орынбасары, 1980–1990 ж. Жезқазған пед. ин-тының кафедра меңгерушісі, 1991–2004 ж. Қазақ ұлттық тех. ун-тінде проф., секция меңгерушісі қызметтерін атқарды. 20-дан астам ғыл. еңбектің, бірнеше монографиялардың авторы. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер</span>
<references/>