Кеңестөбе (көне қала)
Кеңестөбе – төменгі және соңғы палеолит кезеңі қоныстарының орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Бәйдібек ауданы, Кеңестөбе ауылының қасындағы Сасық (Құрсан) өзенінің сол жағалауында және осы ауылдан солтүстікке қарай 4 км жерде, Ақмешіт әулие үңгірінен жоғары төбе үстінде орналасқан.
Сипаты
Кеңестөбені 1958 жылы Қазақстан ҒА-ның Тарих, археологиялық және этнологиялық институтының Қаратау экспедициясы зерттеген.
Кеңестөбе-І қонысынан зерттеу барысында бұл жерден бірнеше қаламша, өзек тас, пышақ, қырғыш, тескіш, т.б. заттар табылды. Көпшілігі ақ, қызғылт түсті жылтырақ шақпақтастан жасалған.
Кеңестөбе-ІІ қонысынан ақ, сұрғылт шақпақтастан жасалған, тот басып, жүзі мұқалған көне тас құралдары шыққан. Бұлар бұдан 200–100 мың жыл бұрын тастан жасалған құралдар. Төменгі палеолиттің ашель-мустьер кезеңіндегі тас құралдарға ұқсас.<ref>Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы</ref><ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>