Кешенді қосылыс түзу реакциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кешенді қосылыс түзетін әдіс бойынша жүргізілетін кондуктометрлік титрлеу кезінде әр түрлі катиондар үшін тихрант ретінде қымыздық, шарап, лимон сияқты оксиқышқылдардың, әр түрлі комплексондардың және басқа да лигандалардың ерітінділерін пайдалануға болады. Бұлардың арасында ЭДТА реагенті жиі қолданылады. Мәселен, темір иондарын ЭДТА ерітіндісімен титрлегенде келесі реакция жүреді: Fе3++ Н2Ү2+ -> ҒеҮ + 2Н+ Ғе2+ + Н2Ү2- ^ ҒеҮ2 + 2Н+

Реакция нәтижесінде сутек ионы бөлінеді, демек, ерігіндінін электр өткізгіштігі артады. э.н.-ден кейін ол төмендейді, өйткені бөлінетін Н+ иондары ЭДТА анионымен қайта байланысады: Н+ + Н2Ү2 -> Н3Ү-

Са2+ иондарын буферлі ерітіндіде, яғни сілті ерітіндісінде титрлегенде қисық өзгеше түр алады, яғни 11.12-теңдеудегі тепе-теңдік солға қарай ығысады. Са2+ ЭДТА-мен әрекеттескенде бөлінетін Н+ ионы буферлі жүйедегі протонды-акценторлы кұрамдас бөлікпен өзара әрекеттесіп, электр өткізгіштікке едәуір ықпал тигізеді. э.н.-ге дейін иондары концентрациясының өсуінен ол шамалы ғана артады, өйткені әдетте этилендиаминсірке қышқылынын (ЭДТСК) екі натрийлі тұзын пайдаланады. Эквиваленттік нүктеден кейін ЭДТА тұзының көптігінен электр өткізгіштік күрт өседі.<ref>Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. - 464 б. ISBN 9965-680-95-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}