Кетікқала қалашығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Кетікқала қалашығыМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ортағасырлық көне қалашық.

Орналасқан жері

Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылының арасындағы теңіз жағалаулық төменгі тепсеңдік, құзды қатарға таяу орналасқан.

Сипаты

Қалашықты 2006 жылы Маңғыстау "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі зерттеген.
Мәдени қабат аумағының батыс бөлігі, Каспий теңізінің су деңгейі жоғарылығанда (-22 м) су басып, қала жұртының төменгі тұсы құмды жағажаймен шектесетін болған. Қала аумағы алғашқыда 16 га ауданнан тұрған. Қала жұрты қыш ыдыс сынықтары бойынша жорамалдап мерзімделеді. Қазіргі уақытта қаланың солтүстігіндегі үштен бір бөлігі топырақ құмының шайылуымен, алынуымен бұзылған. Қалашықтың тек 5 га ауданы ғана, 3-ші немесе 4-ші құрылыс көкжиектері ғана сақталған.
Мәдени қабаттардың бөлініп шығуы 2 м болады. Қабаттар құм және қазіргі уақыттағы құрылыс материалдар қабатымен бастырылып жатыр. Қоныс үстімен төрт электр тоқ өткізгіш бағаны жүргізілген. Алдын-ала болжам бойынша, қонысты жайлағандар алғашында үлкен жертөлелерде тұрса, кейіннен оны алмастырған, өңделген таспен қам кесектерден қаланған жартылай жеркепе құрылыстары, сонымен бірге, жалпақ тастардан тік қойып орнатылған жартылай жертөрелерден де құралған.
Мәдени қабатта XIV ғасырға тән материалдар жиі ұшырасады. Олар қыш, тастан, мыс, темір, шыныдан жасалған бұйымдар мен тиындар және жер өңдеу шаруашылығының болғандығын растайтын бұйымдар деп айтуға болады. Қыштан жасалған материалдар Хорезм, Иран, Қытай және Әзірбайжан елдерімен арадағы қоян-қолтық байланыстың болғандығын аңғартады. Кетікқаланың жоғарғы құрылыс көкжиегі әзірбайжандық ыдыс үлгілерімен ерекшеленеді. Бәлкім, аталған аймақта әзірбайжандық қыш бұйымдардың да көп мөлшерде қоланылу сыры, Хроезммен арадағы үздіксіз байланыста жатса керек. Оған себеп, Хорезмге XIV ғасырдың 70 жылдары Темірдің ойсыратқан шабуылдарының өзі қатты әсер еткендігі деп пайымдауға да болады. Мүмкін, бұл қала XIV ғасырдағы итальяндық карталарда берілуі ықтимал.
Қоныс Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы кемелі су қаласының ролінде келген.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер