Кете Жүсіп Ешниязұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кете Жүсіп Ешниязұлы (1871, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы – 1937) – ақын, әнші. Әкесі Ешнияз сал Жөнелдікұлы (1834 – 1902) белгілі айтыс ақыны, әнші болған. А.Затаевич “Қазақтың 1000 әні” атты жинағында (Орынбор, 1925) Ешнияздың алты әнін жариялаған. Әке өнегесін жалғастырған Кете Жүсіпон төрт жасынан жыр айтып, ән салды. Өлеңді жазып та, суырып салып та шығарады. Шәкей сал, Ырысты қыз, Қалыш келіншек, Қаңлы Жүсіп, Құлназар, т.б. сыр бойының ақындарымен айтысы, “Шаїзада” (1911), “Сұр мерген” (1915) атты дастандары бар. Кете Жүсіпкеңестік кезеңде де көптеген шығармалармен бірге “Барымта” (1923), “Өткен заман” (1925) атты поэмаларын жазды. Оның өлеңдері (“Бүркіттің сыны”, “Әлеумет келді жиналып”, “Өсиет”, “Білімді туған артық перизатым”) шымыр ұйқастарымен, тақырып ауқымдылығымен, тәрбиелік мәнімен құнды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}