Керімбек Мұсабекұлы Омбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Керімбек Мұсабекұлы Омбаев (1 қаңтар 1922 жыл2013 жыл) — Кеңес-Фин соғысының, Ұлы Отан соғысының ардагері, мұғалім.

Өмірбаяны

1922 жылы 1 қаңтарда Ақжар ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалып , Әулиеата қаласында, Гродеково, Меркі балалар үйінде тәрбиеленген. Мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық институтына оқуға түскен. 7 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген. 2013 жылы 91 жасында қайтыс болған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында

1937 жылы Кеңес әскері қатарына алынып, Белое Озеро маңында болған Фин соғысына қатысқан. 1940 жылы Фин соғысы аяқталған соң елге оралып сол кездегі Қарақұм, Үштөбе, Кеңес, Құмбел ұжымшарларына ортақ 7 жылдық Қарақұм мектебінде директор болып жұмыс істеген. 1941 жылы 12 шілдеде әскерге екінші рет алынып, ташкент қаласы маңында жасақталған құрама қатарында дайындықтан өткен. 1941 жылы 18 желтоқсанда 18-дивизия құрамында бөлімше командирі, кіші сержант шенінде Харьков маңында, Карпат тауларында, Десна өзені жағасында болған ұрыстарға қатысқан. 1943 жылы 23 қазанда жараланып елге қайтып оралған.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Еңбек жолы

1944-1948 жылдары Свердлов ауданының (қазіргі Байзақ ауданы) Буденновка (Түймекент) орта мектебінің директоры болған. 1948-1962 жылдары Меркі ауданының «Большевик», «Калинин» орта мектептерінде қызмет атқарған. 1962-1970 жылдары Луговой ауданындағы Жамбыл, Ақыртөбе мектептерінде қызмет атқарған. 1970-1986 жылдары Свердлов ауданындағы Абай мектебінде, Н.Ақшабаев атындағы мектепте мұғалім болған. <ref>Үлгі:Кітап</ref>

Марапаттары

ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Маршалл Жуков» «Жеңістің 20, 30, 40, 50 жылдығы», «КСРО Қарулы күштерінің 50, 60, 70 жылдығы», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған .

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер