Керуен (қала)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен

Үлгі:Мағына Керуен (Үлгі:Lang-ky) — Қырғызстандағы қала, Жалалабат облысы, Ақсы ауданының әкімшілік орталығы.

Халқы (2017) — 28,3 мың адам<ref name="автоссылка1">
2017-жылдагы Қырғыз Республикасының облустарынын, райондорунун, шаарларынын, шаар тибиндеги кыштактарынын калкынын саны, халық Саны, Қырғыз Республикасының 1 қаңтардан 2017 жылғы
</ref>.

Географиясы

Қала облыс орталығы Манастантан 220 км солтүстік-батысқа қарай, Ташкөмір қаласының темір жолынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Керуен қаласы Ақсы ауданының ортасында, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан. Жер бедері жазық, кедір-бұдырлы. Климаты континентті. Қысы кейде қатал, жазы ыстық, жылдық орташа температурасы Цельсий бойынша плюс 12 градус.

Тарихы

Ауыл 1930 жылы Караван атауымен құрылған болатын. 2004 жылы 4 қазанда Караван ауылының атауы Керуен болып өзгеріп, оған аудандық бағыныстағы қала мәртебесі берілді.

Халқы

Керуен қалалық басқармасының аумағында 7 елді мекен орналасқан: Керуен, Күліктөбе, Ақтөбе, Жетіген, Құрылыс, Ұстықан және Мамай.

2004 жылғы 1 қаңтар деректеріне сәйкес Керуен қаласының халық саны (іргелес айыл өкмөттерін қоса есептегенде) 22 408 адамды құрайды (немесе облыс халқының 11,2 %-і). Қала халқы саны - 13 433 адам, ауыл халқы – 8 975 адам. Қалада шамамен 19 этнос өкілдері тұрады, оның ішінде: қырғыздар – 19 943 адам (89 %), өзбектер – 1 994 адам (8,9 %), орыстар – 314 адам (1,4%), басқалары – 157 адам (0,7%).

2017 жылғы 1 қаңтарда халық саны адам 28,3 мың адамды құрады

<ref name="автоссылка1">
2017-жылдагы Қырғыз Республикасының облустарынын, райондорунун, шаарларынын, шаар тибиндеги кыштактарынын калкынын саны, халық Саны, Қырғыз Республикасының 1 қаңтардан 2017 жылғы
</ref>.

Экономикасы және инфрақұрылымы

Қалада өнеркәсіптік нысандар: техника жөндеу шеберханасы, ағаш өңдеу, мақта тазалау, сүт өңдеу, тігін, жеміс кептіру цехтары, диірмен орналасқан. Сондай ақ мектептер, №69 кәсіптік лицей, балабақшалар, кітапханалар, денсаулық сақтау нысандары, жанар-жағармай құю станциялары т.б.жұмыс жасайды.

Сілтемелер

Қырғыз Республикасының қалалары қауымдастығы сайтында Үлгі:Webarchive

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер