Кертінді
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Кертінді (1999 жылға дейін — Казгородок)<ref>Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихы бойынша анықтамалық (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2006 ж.)</ref> — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Қызылтал ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Нұра өзенінің оң жақ жағалауында, Нұра кентінің оңтүстігінен — 33 км, Қарағанды қаласынан 150 км жерде орналасқан.
Тарихы
Іргесі 1923 жылы қаланған. 1961 жылы «Чкалов» кеңшары құрылды. Жерінің жалпы ауданы - 68,6 мың га. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — егін және мал өсіру болды. Кеңшар негізінде 115 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1535 | Үлгі:Құлдырау1020 | Үлгі:Құлдырау741 | 72,6 | 528 | Үлгі:Құлдырау390 | 73,9 | 492 | Үлгі:Құлдырау351 | 71,3 |
Инфрақұрылымы
Елді мекендерде (Кертінді және Алғабас) 2 мектеп, кітапхана, амбулатория, фельдшерлік пункт және мәдени орталықтар бар.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>