Керемет квелеция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Керемет квелеция(Queletіa mіrabіlіs) – базидиомицеттер класы, гастеромицеттер қатарына жататын жоғары сатыдағы саңырауқұлақ. Қазақстанда Алматы және Қызылорда облыстарының саздақ топырақты жерлерінде ғана ұшырасады. Жемістік денесінің биіктігі 25 см-дей. Оның ұшындағы шоқпар тәрізді басының ені 3 – 7 см. Керемет квелецияның жұқа сыртқы қабығы (экзоперидий) біртіндеп түсіп қалады да, тек басының жемістік денесіне бекіген жерінде ғана жаға тәрізді сақталып қалады. Басын жауып тұратын ішкі қабығы (эндоперидий) қалың, қатты болады. Ол қатты шытынап бөлшектерге бөлініп түседі де, төменгі дөңес бөлігі сақталып қалады. Аяқшасы жуан, биіктігі 16 – 19 см, ені 3 – 4 см, цилиндр тәрізді келеді. Аяқшасы бастапқы кезде етжеңді, әбден піскен кезде ағаштанып кеуіп, талшық сияқты болады. Споралары мамыр – шілде айларында жетіледі. Керемет квелеция – тағамға жарамсыз саңырауқұлақ. Өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Керемет квелеция|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}