Керей Закарин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Керей Закарин (1903-1976, Атырау облысы). Баку мұнай институты жанындагы курстарды бітірген (1937). 1922-1926 жылдары - Доссор мұнай кәсіпшілігінде таратушы, Мақат мұнай кәсіпшілігінде майлаушы. 1926-1937 жылдары - «Ембімүнай» тресі Иманқара мүнай кәсіпшілігінде есепші, ауылдық Кеңестің хатшысы, салық нүсқаушысы, ага есепші, бухгалтер, ага бухгалтер. 1937-1950 - Қосшагыл мұнай кәсіпшілігінде бас бухгалтер. 1950-1953 жылдары - «Қосшагылмұнай» тресі меңгерушісі орынбасары. 1953-1961 жылдары - «Ембімұнай» тресі үңгымаларды күрделі жөндеуден өткізу кеңсесі директоры, бас бухгалтер, жоспарлау бөлімінің бастыгы. 1961-1971 жылдары - «Құлсарымұнай» МГӨБ-ы жоспарлау бөлімінің бастыгы.Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталган. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}