Кепелеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кепелеу. Түсіндірме сөздікте белгілі бір заттың үйіліп жатуын осылай атайтындығы көрсетілген де, «диалектизм» деп белгі соғылған. «Саздан, торталар қабыршықтанып, қақталып кепеленіп жатты» (Ғ. Сланов, Дөң асқан). «Кепелеу» сөзін диалектизм деп қарау күмән туғызады. Өйткені оның Қазақстанда жайылу аумағын шектеп көрсету қиын және кез келген қазақ түсінетін сөз. «Кепелеп ішіп...» сияқты тұрақты тіркесте де кездеседі. Біз көрсетіп отырған мағынасы ұқсатудан пайда болғандығы аңғарылады. Оның алғашқы мағынасы ноғай тіліндегі «кепелей» тұлғасынан керінеді. Оларда бұл тұлғадағы сөз қазақы қойдың құйрығы мағанасында қолданылады (Ног.-рус. сл., 1963, 161).<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}