Кен түзілу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кен түзілу - кенді заттардың қозғалмалы орталар (магма балқымалары, сулы және газды-сулы ерітінділер, газдар) есебінен түзілу процесі; балқымалар мен ерітінділерде кристалданудан, химиялық реакциялар, механикалық тұнбаға түсу немесе тірі организм әрекеттері нәтижесінде, коллоидтердің коагуляциялануы және т.б. процестер есебінен жүзеге асады.

Кен түзілу жағдайлары

Кен түзілу процесін, оның жылдамдығын, минералдық парагенезистер сипатын, кендердің дербестелу пішіндерін және т.б. анықтайтын жағдайлар. Кен түзілу процесіне себептесетін әр түрлі физикалық-химиялық факторлар: температура, қысым, тотығу-тотықсыздану потенциалы, кен кіріктіруші ерітіндінің қышқылдық-сілтілік көрсеткіші, кіріктіруші тау жыныстарының химиялық белсенділігі, сорбциялық қабілеті, өткізгіштігі, табиғи электр өрістерінің қалыптасуы және т.б.

Кен шоғыры

Жер қыртысының нақтылы өңірлерінде жинақталған, кіріктіруші тау жыныстарынан анық ерекшеленетін кенді денелер.

Кен штогы

Тұтас дерлік немесе тұтас тұлғалы кенді дене; көлденеңі әдетте ондаған метр болады.

Кендену

1) тау жыныстарында кенді минералдардың ұшырасуы; терминнің бұл мағынасында тау жынысы құрамындағы кенді минералдардың мөлшері мен таралу ерекшеліктері нақтыланбайды, алайда олардың сапалық сипаттары көрсетіледі;
2) тау жыныстарында кенді минералдар пайда болатын процесс.

Кендену белдемділігі

Кен құрамының нақтылы бағытта заңды түрде өзгеріп отыруы.

Кендену белдемділігінің бірінші түрі

Кенденудің белдемділік кезеңділігі терминінің синонимі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub