Кен орындар қоры мен қатты пайдалы қазындылардың болжамдық ресурстарының классификациясы (жіктеуі)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кен орындар қоры мен қатты пайдалы қазындылардың болжамдық ресурстарының классификациясы (жіктеуі) — барланған кен орындардың өнеркәсіптік игеруге дайындығын анықтайтын талаптар, шарттар және жағдайлардың, сонымен қатар қатты пайдалы қазындылардың болжамдық ресурстарын бағалайтын негізгі белгілердің жүйеленген жиынтығы. Классификация жер қойнауындағы қатты пайдалы қазындылар қорларының зерттелу дәрежесіне және халық шаруашылық маңызына қарай оларды есептеу мен мемлекеттік есепке алу негізін белгілейді. Қабылданған кен орындары қорларының классификациясы бойынша қатты пайдалы қазындылар қорлары зерттелу дәрежесіне қарай: барланған — А, В және С категориялары және алдын ала бағаланған — С2 категориясы болып бөлінеді. Қатты пайдалы қазындылардың болжамдық ресурстары нақты дәлелдену дәрежесіне қарай Р1, Р2 және Р3 категорияларына бөлінеді. Көрсетілген А, В, С және С2 категорияларының әр қайсысының қоры белгілінген шарттарды (көлем, пішіні, пайдалы қазындылар денелерінің жатыс жағдайлары, морфологнялық өзгерістердің заңдылығы мен зерттелу сипаттамасы және т.б. ) қанағаттандыруы керек. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>