Кен бетін ашу коэффициенті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кен бетін ашу коэффициентікен орнын ашық тәсілмен қазып алуда пайдалы қазындының бір өлшеміне келетін ашылған бос жыныс мөлшері. Кен бетін ашу коэффициенті былай анықталады: салмақпен берілсе — т/т, көлеммен — м3/м3. Кейде бір тонна пайдалы қазындыға келетін ашылған жыныстың мөлшері көлеммен берілген жағдайда (м3/т) болады. Әдетте кен бетін ашу коэффициент көлем көрсеткішімен пайдаланады. Кен бетін ашу коэффициенті мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: шекті — ашық тәсілмен қазып алудың тиімділігі жағынан ең сарқылған мүмкіндігі. Кен бетін ашу коэффициентінің осы мөлшерімен ашық жұмыстыц тереңдік шекарасы белгіленеді. Әдетте бұл шекара ашық және жер асты тәсілдермен алынған пайдалы қазындыны бір тоннасының өзіндік құндары тең екенін көрсетеді. Орта — карьердің соңғы пішіні аясындағы алынған бос жыныстың жалпы көлемі сол пішіндегі пайдалы қазындының көлеміне қатынасы. Егер бұл қатынас геологиялық барлау жұмыстарының материалдарына негізделген болса, онда мұны геологиялық ашу коэффициенті деп те атайды. Одан басқа: күнделікті, қабатты, эксплуатациялық, бастапқы, жоспарлы ашу коэффициенті болып бөлінеді. Олардың атқаратын қызметтері әр түрлі. <ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9</ref>.

Дереккөздер

<references/>