Кеніш вагоншаларын дірілдетіп тазалау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кеніш вагоншаларын дірілдетіп тазалау — вагоншалардағы жабысып қалған тау жыныстарын тазартудың әдісі. Ол үшін әдетте сілкілеме платформа мен жайдақ пішінді жабдықталған айналма төңкергіштер пайдаланылады. Вагоншаларға тербеліс-діріл беретін екі тәсіл бар. Біріншісі — вагоншаларды бір жақ бүйірімен сілкілеу платформасына жатқызады да, сілкілейді. Екіншісі — сілкілеу платформасын вагоншанын түбіне қысып, оны дірілдетеді.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.
Дереккөздер
<references/>