Кеніштің геологиялық қимасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кеніштің геологиялық қимасы.Бірнеше стратиграфиялық бағаналар түрінде кескінделетін, нақтылы кен ауқымында әр түрлі масштабта тұрғызылатын түзілімдердің орташа сипатқа келтірілген қимасы. Аталған бағаналар төмендегі деректерді ашып көрсетеді:әр түрлі литологиялық құрамдағы (шартты белгілер түрінде берілген) тау жыныстары қабаттарының бір-бірімен кезектесу реті, олардың өзара шекараларының сипаты және мұнаймен немесе газбен қаныққан аралықтардың өзіндік орны; тау жыныстарының ірі-ірі стратиграфиялық бөлімшелерінен бастап, жекеленген қойнауқатқа дейінгі барша бірліктерінің геологиялық көнелігі; тау жыныстарының орналасу тереңдігі мен қалыңдығы жайлы деректер; каротажға тән қисық сызықтар; тау жыныстары литологиясының, организмдердің қазба қалдықтарының, мұнаймен немесе газбен қанығу сипатының хаттамалары; кейбір өзге де деректер. Синонимі — кеннің геологиялық геофизикалық қимасы.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кеніштің геологиялық қимасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}