Кеніштік геология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кеніштік геологиякеніш, шахта, карьерлердің тұрақты және қауіпсіз жұмысын геологиялық тұрғыдан қамтамасыз ететін геология ғылымының бір саласы. Кеніштік геологияның негізгі міндеттері: кен орындарының геологиясын жан-жақты зерттеу, кеніш кеңістігіндегі жаңа кен денелерін іздеу, барлау және олардың сипаттарын, химиялық және заттық құрамын, пайдалану жолдарын анықтау.

Кен қазбаларының жабыны, табаны және қабырғалары мен кендіңгектердегі тау жыныстарының орнықтылығын қадағалап, жаңа бақылаулар, қосымша инженерлік-геологиялық зерттеулер мен есептеулер жүргізеді. Дайындалған кен бөліктерінде қазба жұмыстарына ықпал ететін жер асты суларының, кеніштік газдардың шығымы, шаң көтерілу, температуралық режим анықталады. Атқарылған геологиялық жұмыстар нәтижесінде қосымша кен қоры бекітіледі, кенді кешенді игеру арқылы оның тиімділігі артады. Кеніштік геология игерілетін кен орындарының түріне қарай шахталық және мұнай-кеніштік болып бөлінеді.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кеніштік геология|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}