Кенхан Айдарбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенхан Айдарбеков (1946, Атырау қаласы). Оңтүстік Құмкөл кенорнын тұңғыш ашқан (1999). Қазақ политехникалық институтын бітірген (1973).

  • 1963-1965 жылдары - Атырау геологиялық-іздеу партиясында бұрғылау жұмысшысы.
  • 1973-1989 жылдары - «Өзенмұнай» МГӨБ ұңғымаларды зерттеу жөніндегі оператор, бақылау тобында геолог, бас геолог, қат қысымын сақтау цехында аға инженер, аға технолог, аға геолог, технология бөлімі бастығының орынбасары.
  • 1989-1992 жылдары - «Құмкөлмұнай» МГӨБ бас геологы.
  • 1992-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Отын қорлары мен энергетика министрлігі басқармасында бас маман, «Мұнайгаз» МХК мұнай- газ кенорындарын өндіру басқармасының бастығы.
  • 1997-2001 жылдары - «Құмкөл-Лукойл» АҚ бас геологы.
  • 2001-2005 жылдары - «Теңгизшевройл» ЖШС жоба дамыту департаментінің ұйымдастырушысы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (1999).<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}