Кентарал қалашығы
Үлгі:Көне қалашық
Кентарал қалашығы (VII-XII ғғ.) – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.
Орналасқан жері
Сарысу ауданы, Шығанақ ауылынан солтүстікке қарай 7 км жерде орналасқан.
Сипаты
Қалашықты 1980 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Байбосынов) ашып, зерттеді.
Жобасында дұрыс емес төбе түрінде болып келген екі бөлікті қалашықтың өлшемдері 110х50 м. Қалашықтың ортасында өлшемдері 25х25 м, биіктігі 6 м ішкі қамал бар. Ішкі қамал 4 бекініс мұнарасының іздері бар үйінді бекініс жалмен қоршалған.
Қалашық территориясында топырақ төбешіктер, жеке құрылыстардың қалдықтары бар. Қалашық үстінен сырланбаған қыш ыдыстардың сынықтары көптеп кездеседі.<ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref>