Кеннан Джордж

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кеннан Джордж (16.2. 1845, АҚШ, Огайо штаты, Норуолк қ.аласы – 10.5.1924, сонда) – американ саяхатшысы, зерттеуші, публицист. 1865 – 68 ж. Орыс-Америка телеграф қоғамының тапсырмасымен Солт.-шығыс Азияны Беринг бұғазына дейін аралап, 1870 – 71 ж. Кавказдың шығыс бөлігінде, 1885 – 86 ж. Сібір мен Ресейдің солтүстік-шығыс аймақтарында, Семейде болып, орыс революционерлерінің жер аударылған орындары мен түрмелеріне зерттеу жұмыстарын жүргізді. Кейін Кубада, Мартиникада, Жапонияда репортер болған. 1870 жылы Нью-Йоркте Кеннанның “Сібірдегі көшпелі өмір” аталатын кітабы жарыққа шықты. Еңбек Америкада 20 реттен астам қайта басылып, бірнеше тілдерге аударылды. Америка журналдарында Сібір халықтары туралы мақалалары жарық көріп, кәсіпқой журналист ретінде де танылды. Кеннан Семей қаласының өмірімен, ондағы жер аударылып келген орыс революционерлерімен жақын танысып, Ресей үкіметінің саясатына сын пікірлер жазды. “Сібір және жер аудару” (1891) деген еңбегінде Семей кітапханасы туралы, Абайдың сол кітапханада жиі болатынын, Льюис, Милль, Дрепер шығармаларының орыс тіліндегі аудармасын оқитынын, ағылшын философиясына тереңірек үңілетінін А.Леонтьев деген жер аударылып келген орыс азаматынан естігенін баяндайды. Кеннанның бұл кітабы барлық Еуропа тілдеріне аударылды,Ресейде бірнеше рет жарық көрді. Кеннанның Ресей империясының отарлау саясатын әшкерелеген еңбектері әлі күнге өз құндылығын жоғалтқан жоқ.

<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кеннан Джордж|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}