Кенже би күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенже би күмбезі. Қарқаралы ауданы Томар ауылынан Доғалан мекені бағытына қарай 25 км жерде Қаражон өзенінің бойында, Ойқұдық деген жерде орналасқан. Бұл күмбезді жергілікті халық Ақбейіт деп те атайды. Себебі құрылыс материалының құрамындағы ақ балшықтың бар екенін алыстан байқауға болады. Күмбез өте аумақты. Оның жан қабырталарының ұзындығы 16 м, ал алдыңғы бет жағы 14 м, қабырғасының қалындығы 0,5 м, қосымша бөліктің биіктігі 1,5 м. Кіреберіс есігі төртбұрышты биіктігі 1,3 м, ені 0,8 м. Күмбездің екі жақ бұрышынан екі құлақ шығарылған биіктігі 3 м жуық. Негізгі күмбез төртбұрышты, алдыңғы беткі жағы шатырлы-жабынды биіктігі 5,5 м, жан қабырғасы 6 м, алдыңғы қабырғасы 8 м, қабырғасының қалыңдығы 0,8 м, терезенің жақтауына, есіктің маңдайшасына ағаш қолданылған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}