Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев (18 ақпан 1938 жылы туған, Қостанай облысының Жангелді ауданы) — экономист-ғалым. Экономика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1978), ҚР ҰҒА академигі (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1996).

Өмірбаяны

  • ҚазМУ-ды бітірген (1960).
  • 1960 — 63 жылы ҚазМУ-де ассистент, аға оқытушы
  • 1963 — 66 жылы Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспиранты
  • 1966 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарды.
  • 1982 — 90 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры
  • 1990 — 94 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің (1993 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) ректоры
  • 1994 — 96 жылы ҚР ҰҒА президенті
  • 1996 — 2004 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университеттің
  • Халықаралық бизнес университетінің ректоры
  • 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
  • 2007 жылдан бері - «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. Салық салу «КагЕпегду» ассоциациясы үйлестіру кеңесінің төрағасы.

Ғылыми еңбектері

Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты: материалдық-техникалық жабдықтаудың экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері, Қазақстандағы экономикалық реформа теориясы мен әдіснамасы. 150-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.

Марапаттары

  • Кембридж өмірбаяндық орталығының “Жыл адамы — 1992” атағын алды.
  • Еңбек Қызыл Ту (1971)
  • “Халықтар достығы” (1987)
  • “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X</ref>
  • Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (2003).
  • «Парасат» (2005)
  • II дәрежелі «Барыс» ордендерімен;
  • «Тың жерлерді игерген үшін» (1957)
  • «Қажырлы еңбек үшін» (1970)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
  • «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Кішкенова Нағитай. Ұлдары - Нұрлан, Ерлан, Ербол, экономистер.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер