Кенжеғали Ғабдуллин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кенжеғали Ғабдуллин (Ақтөбе уезі, Әлімбет болысында ту­ған) - ақын, ағартушы, журналист. Қазан қаласындағы Мұхаммедия медресесін бітірін, еліне келгесін іргелес Малбақ қажы ауылында бала оқытқан. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнаған соң, "Еңбекші қазақ" газеттерінің ре­дакциясында жұмыс істейді, Актөбе облысы "Кедей" газетінің редакторы, Шымкентте облысы газет қызметкері болған. Қазан баспаханаларынан "Қазақтың қамы" (1912), "Ұран" (1914) өлеңдер жинағын, татар тілі­нен аударған "Ислам негізі" (Қазан, 1911), "Қазақ балаларына жәрдем" (Қазан, 1913), "Өнеге яки номуне" (Қазан, 1913), "Қазақ балаларына жәрдем" (Қазан, 1913) аталатын үш кітабы кезінде қазақ мектептерінде оқу құралы ретінде қолданылды.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала