Кенжехан Бердіқожаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенжехан Бердіқожаұлы (туған-өлген жылы белгісіз), жазушының туысы. Бердіқожаның 5 ұлының бірі. Ағасы Бурахан секілді, Кенжехан да Құнанбайдың ығында өскен. Нұрғанымның Құнанбайға косылуына осылар себепші болған. Мәжит Диканбаев: «Әуез қожаның екі қыстауының бас жағындағы 3 шақырымдай жерде Бердіқожаның ең үлкен баласы Үсенханның, одан кейінгі балалары Бураханның, Кенжеханның, олардың балалары Қожабірхан, Әзімхан, Құлжан, Смайылханның қоралары бар еді. Бұлар Қаражырық, Сарыжырық деген екі таудың сайларынан ағып жататын бас булақтардың орталығында қыстайтын. Тегінде Бердіқожаның балалары Үсенхан, Бурахан, Кенжехан, Әуезханның екі жерге қоныстанып, ел қызығатын шұрайлы жерлерді алуларына себеп болған нәрсе Бердіқожаның Құнанбаймен сыйлас болып, Нұрғаным деген кенже қызын оған тоқалдыққа беруінен» деп жазады («Мухтар Әуезов туралы естеліктер», А., 1997, 9-бет). Ахмет Әуезов те Кенжехан жөнінде осы сияқты деректерді айтады.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub