Кенжебай Дүйсенбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенжебай Дүйсенбаев 1941 жылы 25 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының Абай ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Ыстыбаев Дүйсенбай, етікші болып жұмыс істеген. Анасы - Ыстыбаева Тойымдық, үй шаруасымен айналысады.

А.Н. Островский атындағы Ташкент көркөмсурет-театр институтын бітірген (1972), суретші-кескіндемеші. Қырғызстан Көркемөнер академиясының толық мүшесі (2006 жылдан).

Ауыл өміріне, Қазақстанның табиғатына, оның адамдарына арналған көптеген кескіндеме полотноларының авторы, олардың ішінде: «Күз» (1978), «Ата мен немере» (1979), «Бауыржан Момышұлының портреті» (1980), «Үміт» (1985), «Пейзажды натюрморт» (1986), «Түйелер» (1990), «Қара күн» (1990), «Кегендегі жерлеу» (1996), «Іле пейзажы» (1999), «Торс» (2000), «Желді күн, Ыстықкөл» (2002), «Трасса» (2002), «№10 композиция» (2002), «Түнгі Ыстықкөл» (2003), «Үйқыдағы бала» (2009). Шығармалары Францияда (Канн, Париж ққ.), Румынияда, Ресейде (Мәскеу қаласы), Қазақстанда (Алматы қаласы, «Алматы- Арт» галереясы, 2007, 2010), Лондонда («Кристис» галереясы) көрмелерге қойылған. Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы), Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (1990, 2004) жеке көрмелерін өткізген. Туындылары Мәскеу қаласының Третьяков галереясында, Германия, Франция, Румыния, Англия, АҚШ-тың және т.б. жеке коллекцияларында сақталуда.

1972 жылдан бері - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесінің (қазір - О. Таңсықбаев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжі) сурет, кескіндеме, композиция пәндерінің оқытушысы. 2000-2003 жылдары - Т. Жүргенов атындағы Қаз¥ӨА сурөт, кескіндеме, композиция пәндерінің оқытушысы. КСРО (1974 жылдан), ҚР Суретшілер одағының (1991 жылдан) мүшесі. ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері. ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері. Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық кескіндеме көрмесінің (1990), Каспий маңы республикалары биенналесінің (Баку қ., 1989) дипломанты. «Тарлан» сыйлығының «Бейнелеу өнері» номинациясындағы жүлдегері (2005). Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Болжам жоқ, үміттер бар». Хоббиі - балық аулау, бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті - Ирвинг Стоун, «Өмірге қүштарлық»; биографиялықжәне тарихи романдар.

Үйленген. Жұбайы - Дүйсенбаева Райхан (1942 жылы туған), зейнеткер, фармацевт болып жұмыс істеген. Қыздары - Дүйсенбаева Қамар (1965 ж. т.), Дүйсенбаева Майра (1970 жылы туған), Дүйсенбаева Гүлім (1974 жылы туған), Дүйсенбаева Арман (1978 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub