Кенжаралу кезеңділігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенжаралу кезеңділігі - кенділік ерітінділерінің кентүзілу ортасына дүркін-дүркін келіп түсуіне байланысты гидротермалдық кен орындарының қалыптасуы процесіндегі кезенділік. Ол кен мен гидротермалдық өзгерген тау жыныстарындағы жасы әр түрлі минералдар парагенезисінің кезектілік қатарының туындауымен сипатталады. Минералдану кезеңділігі кенді ерітінділердің магма ошағынан дүркін-дүркін бөлініп шығуымен байланысты болуы ықтимал.

Кенкіріктіруші флюид

Кен кіріктіруші магма ошағынан кенді құрамбөліктерді бөліп ала отырып, олардың екінші өңірге қарай жылыстауын қамтамасыз ететін газды не сұйық ерітінділер. Бұл термин әдетте нақтылы агрегаттық жағдайы белгісіз ерітінділерге қатысты қолданылады.

Кенмен астасқан таужыныстардаеы өзгерістер

Кен шоғырларымен астасқан тау жыныстарындағы эндогендік (гидрөтермалық) өзгерістер.

Кеннің кесектілігі

Кендерді игеру барысында олардың нақтылы өлшемді және арнаулы пішінді кесектерге бөлшектену қасиеті. Кейбір пайдалы қазбалар үшін (темір кендері, қоспалар ретінде қолданылатын әктастар, көмір және т.б.) олардың кесектелу қасиеті өте маңызды көрсеткіші болып табылады.

Кенорындардын, инженерлік геологиясы

Геологиялық ортаның инженерлік-геологиялық жағдайларын зерттеп, ғылыми және практикалык мәселелерін шешумен айналысатын ғылым саласы; кен өндіруші кәсіпорындар жұмысының тиімділігін және геологиялык ортаның экологиялык тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub