Кенебаев Кенжеғазы Айтжұманұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенебаев Кенжеғазы Айтжұманұлы — экономист, баспагер. 1973 жылы 26 шілде Семей облысы Аягөз ауданы Ақшатау ауылында дүниеге келді <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

Еңбек жолын 1988 жылдан Ақшатау ауылында ауылшаруашылық жұмысынан бастады. 1991—1993 жыл аралығында әскерлік борышын атқарды. 1994 жылдан 1997 жылға дейін "Пионерлер үйі" сарайында бокс спортынан балалар жаттықтырушы болып жұмыс істеді. 1997—2001 жыл аралығында Ы.Алтынсарин атындағы академияда жаңа білімдік оқулықтар дайындау маманы және оны компьютерлік көркемдеу орталыгында қызмет атқарды.

2001—2003 жыл аралығында "Мектеп" баспасында, 2003—2005 жыл аралығына "Балалар әдебиеті" баспасында компьютерлік орталығына жетекші операторлық қызметін атқарды. Қазір 2005 жылдан бастап "Қазақстан Жазушылар одағы" басқармасында "Әдебиет айдыны" газетінің компьютер орталығының жетекшісі болып қызмет атқаруда.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}