Кенді өрістің болжам картасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенді өрістің болжам картасы

Кенденудің әр түрлі геологиялық факторлармен байланысы және болжаулық шешімдері көрсетілген кен өрісінін, 1 : 10 ООО (кейде 1 : 25 ООО) және одан ірірек масштабты құрылымдық картасы. Әдетте, кен өрісі көлеміндегі, әсіресе терең қабаттардың кендену мүмкіндігін көрсету үшін жасалады. Жеке кен орындар мен кен көздерінің болашағын бағалап, жүргізілетін іздеу-барлау жұмыстарының бағытын айқындайды.

Кенді ұя

Кендік заттардың изометрлі пішінді кішігірім шоғыры; әдетте көлденең өлшемі 1 м-ден аспайды.

Кенділік

Белгілі бір ауданның немесе нақтылы тау жыныстарының, қабаттың, свитаның және т.б. кенді түзілімдерді кіріктіруі; металкіріктірушілік терминінің синонимі.

Кенділік ошағы

Кенділік ерітінділерінің пайда болатын жері.

Кенділікті ерітінділер

Kенді құрамбөліктерді тасымалдайтын және түзілімдейтін, көбінесе тереңдік текті ерітінділер. Олар сұйықтық сулы ерітінділер және газды ерітінділер түрінде болады.

Кенжаралу жүйесі

Кен затының көзін, ауысу жолын және кенденудің жиналу орнын қамтитын физикалық жүйе.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub