Кенді алап

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенді алап– үлкенді-кішілі кен орындары шоғырланған өңір. Кенді алаптағы кеннің жалпы қоры ондаған млрд. т болуы мүмкін. Қазақстан – кенге бай өлке. Оның аумағында бірнеше ірі Кенді алаптары бар: 1) Орталық Қазақстан Кенді алапы, оның алып жатқан аумағы 800000 км². Мұнда көмір, темір, марганец, мыс, вольфрам, молибден, қорғасын, мырыш, т.б. кен байлықтары бар. Олардың жалпы саны 5500-дей. Бұлардың ішіндегі ірілері: Қарағанды (қоры 50 млрд. т), Екібастұз (қоры 10 млрд. т) көмір кендері; Успен кенді белдеуі; 2) Кенді Алтай Кенді алапы, ұзындығы 500 км, ені 50 км ауданды алып жатыр. Онда мыс, қорғасын, мырыш, алтын, күміс, сирек кездесетін металдар, жанғыш тақтатас кендері бар; 3) Қостанай облысындағы Торғай қолаты Кенді алапының ұзындығы 500 км, ені 80 км-дей. Бұл алқапта жоғары сапалы темір, көмір, асбест, никель, боксит, титан, т.б. кендер бар; 4) Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау Кенді ауылында қорғасын, мырыш, ванадий кентастары мен фосфорит кенінің мол қоры бар; 5) Маңғыстау түбегі Кенді алапынан мұнай мен газ өндіріледі; 6) Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан Кенді алаптарында алтын және сирек металдар өндірілетін кендер бар; қ. Алтай металлогения аймағы, Кенді Алтай.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кенді алап|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}