Кендердің қайтадан қалыптасуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кендердің қайтадан қалыптасуы — бұрын қалыптаскан кен шоғырына тән рудалы заттардың кейінгі тектоникалық процестер нәтижесіндегі метаморфтық, магмалық немесе гидромермалык өзгеруінен мүлдем жаңа кен-орнының қалыптасуы.

Кендердің құрылымы

Kенді түзетін түйірлердің пішінімен, мөлшерімен және олардың арақатынастылығымен айқындалатын минералдык агрегаттар құрылысы. шөгінді текті кендерде құрылымдық бірлікке органикалык қалдықтар да кіреді. Әдетте, микроскоп арқылы зерттеледі.

Кендердің сеппелік бітімі

Негізгі кенді емес массадағы кенді минералдар түйірлері немесе олардың агрегаттарының шашырандылары болуымен сипатталатын бітім. магмалық , жапсарлы литсөматиттік, шөгінді және гидротермалық кен орындарда кездеседі.

Кендердің сферолитті құрылымы

Радиалсәулелі құрылысты, әр түрлі мөлшерлі сферолиттен тұратын кен құрылымы. Әдетте, коллоидтердің кристалдануы кезінде пайда болады. Шөгінді карбонатты, марганецті кейбір уранды- күмісті-көбальтты және т.б. кендерге, марказитке, молибденитке, графитке және т.б. минералдарға тән. Синонимі: радиалды сәулелі кен құрылымы.

Кендердің торлы құрылымы

Соңғы түзілген жіңішке кенді желілер минералдарының одан бұрынғылармен қиылысып торлама дамуымен сипатталатын құрылым.

Кенді ерітінділердің тереңдік тектілігі гипөтезасы

Қыртыс асты ошағында терен жарылымдарды бойлап көтерілген ерітінділер кентүзілу атырабындағы кенденудің көзі болып саналады. Терең қабаттардан аса терең жарышымдармен көтерілетін жылу энергиясы тау жыныстарын балқытып, металдардың қайта топтасып шоғырлануына себеп болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub