Кендену жиек сәулесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кендену жиек сәулесі - кен орнының кен сыйыстырушы таужыныстарында, оның жабынындағы борпылдақ шөгінділерде, топырақта, жер асты мен жер үсті суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде, атмосфера мен ауа тозаңдарында сол кен орнына тән химиялық элементтердің шамадан көп мөлшерде кездесуі.

Кендену төңірегінің өзгерістері белдемділігі

Кенділік кенді құрамбөліктердің белгілі бір аймаққа шоғырлануы, сөйтіп рудалы кендердің калыптасу процестері; бұлар минерал калыптаеу процестерінің бір бөлігі болып табылады.

Кен құбыры

Кенсіз бүйір таужыныстар арасынан ұшырасатын құбыр пішіндес кенді дене; бұлардың кен бағанынан айырмашылығы мүлдем кенденбеген таужыныстар арасынан кездеседі. Кен құбырының астасу жағдайы мен морфологиясы оның төмен құлдилау бұрышымен, ұзындығымен және кескін пішінімен яғни мөлшерімен сипатталады; әдетте тік құлайтын түрлері көбірек ұшырасады. Кен құбыры көбінесе тектоникалык жарықтардың бір-бірімен тоғыскан тұстарынан ұшырасады, мұның өзі кен денесінің көпшілігі сол жарықтар бойымен көтерілген кен кіріктіруші ерітінділер осерінен қалыптасатындығының дәлелі.

Кен линзасы

Линза тұрқылас кенді дене; көбінесе сингенетикалық кендер осы пішінде ұшырасады.

Кен орны морфологиясы

Кен орнының немесе оның жеке денелерінің пішіні. Үш бағыттағы мөлшерлер арақатынасына карай бөлінеді:

1) изометрлік пішіндер;
2) бір бағытта созылған пішіндер (діңгек тәрізді және т.б.);
3) екі бағытта созылған пішіндер (қат және қат тәрізділер және т.б.). Күрделі және бүрыс пішінді кенді денелер де кездеседі.

Кен орнының барлану дәрежесі

Кен орнының барлау арқылы анықталған геологиялык өнеркосіптік параметрлерінің тау-кен өндірісін жобалау кезінде қойылатын талаптарға сай болуы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub